16:06, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада қымбат автокөліктің жүргізушісі жол полициясын алдауға тырысты
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Астанада қымбат автокөлік Porsche Cayenne жүргізушісі жол полициясын алдап кетуге тырысты. Ол өз автокөлігіне тіркеу нөмірін байқатпайтын арнайы құрылғы орнатқан.
Астаналық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанындай, құрылғыға көліктің нөмірін пультті басу арқылы жасырып қалатын арнайы жабын орнатылған. Жүргізуші көліктің мемлекеттік нөмірін жасыру арқылы фотоаппарттар мен жылдамдықты бәсеңдететін қиылыстарда заңсыз түрде жол ережесін бұзған.
Алайда жол ережесін қатаң бұзып, қашып жүрген жүргізушіні жол полициясы қолға түсірді. Бұл үшін оған көлемді түрде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.