Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі.
None
None

«Қыз Жібек» лиро-эпостық дастаны халқымыздың көне мұраларының бірі және махаббат жырының ең көркемі. Қойылымда қазақтың өзара руға, жүзге бөлінуінің, бай-шонжарлардың арасындағы жер дауы, жесір дауы, жетім дауы тәріздес шиеленістер шабуылға ұласып, өз-өзімізді обадай ішімізден шіріткен мүшкіл күйіміз көрсетіледі. Бірін-бірі шын сүйген Төлеген мен Жібек, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.

Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловский шығармашылығындағы «Қыз Жібек» музыкалық драмасының қоюшы режиссері - ҚР Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сайлау Қамиев.

Театрдың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, премьера 29, 30 маусым күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар