Астанада М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліне аударылған жаңа нұсқасының тұсаукесері өтті

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Президенттік Мәдениет орталығында заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы философ М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліне аударылған жаңа нұсқасының тұсауы кесілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Эпопеяны Ресей Сөз өнері академиясының академигі Анатолий Ким тәржімалады. Ол көркем туындының 4 томын аударуға екі жарым жылға жуық уақытын жұмсады. Кітапты қайталап аударудың басты себебі ? кеңестік тоталитарлық режимнің кесірінен шығарманың көркемдік сапасы сақталмады, стилистикалық тұрғыдан да кемшіліктері болды. Оның үстіне, Құнанбайды шынжыр балақ, шұбар төс шонжар, тоңмойын етіп көрсету тәрізді біраз бұрмаланған тұстар да кездеседі. «Абай жолы» романының алғашқы түпнұсқасын орыс жазушысы Леонид Соболев аударды. Роман Сталиндік, Лениндік сыйлықтарға ие болып, әлемнің 200 томдық әдебиет жауһарларының қатарынан орын алды. Орыс тіліндегі аудармалардың кемшін тұстарын әдебиетші қауым қай кезде болсын айтып келді. Осындай пікірді алғашқы болып, көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1971 жылы Мәскеуде көтерген болатын. «Бұл жұмысты аяқтағаннан кейін бойымда қандай өзгерістер болғанын бір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен ұлы туындылар қалай дүниеге келетінін, ең бастысы ? адам ажалсыз екенін түсіндім. М.Әуезов осы романды жазу барысында адамның өмірі мәңгілік екенін көрсетті. Абай өлгеннен кейін оның мәңгілік өмірі басталды және бұл жол кез-келген адамға бұйырған қасиет екендігін түсіндім», - деді А.Ким.
Соңғы жаңалықтар
Референдум