Астанада М. Мақатаевтың мерейтойына арналған жас ақындар мүшайрасы өтеді

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Астанада 9 ақпанда ақияық ақын Мұқағали ақынның 80 жылдық мерейтойына арналған Қыранбыз қырандардан жаратылған» атты қалалық жас ақындар мүшайрасы өтеді.

Астанада М.  Мақатаевтың мерейтойына арналған жас ақындар мүшайрасы өтеді

Шараны С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің және қазақ тілі кафедрасының ұжымыбірлесе ұйымдастырмақ. Оған Астана қаласы Тілдерді дамыту департаментінің басшысы Оразгүл Асанғазықызы мен еліміздің атақты ақын-жазушылары қатысады деп күтілуде.

Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету, сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау мақсатында қолға алынған бұл игі шараға 17-25 аралығындағы қарымды жас өнерпаздар қатысатын болады.

Мүшәйрада алғашқы үш орынды иеленген жеңімпаздарға ақшалай жүлделер тағайындалған.