Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Жол төсемін жөндеу: Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің бір бөлігі жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Осыған байланысты 11 және 12 шілде күндері аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады, - делінген ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында жөндеу жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Айта кетейік, Алматыда құбырды ауыстыру жұмыстарына байланысты бір көшеде жол жабылады.