Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Astana AI Week аясында мемлекеттік емханалардың күнделікті жұмысында кездесетін мәселелерге жасанды интеллект арқылы шешім әзірлеуге бағытталған Health AI хакатоны өтіп жатыр.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

MedTech стартапының негізін қалаушы Тоғжан Қожалының айтуынша, жобаның басты ерекшелігі — әзірлеушілер ойдан шығарылған тапсырмалармен емес, мемлекеттік емханалардың нақты сұраныстарымен жұмыс істейді.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Стартаптарда идея көп. Бірақ олар көбіне нақты дерекке қол жеткізе алмайды, әзірлеген шешімін қайда сынайтынын білмейді. Сондықтан біз емханалардың өзінен нақты кейстерді жинадық. Қатысушылар сол мәселелерді шешіп қана қоймай, өз өнімін клиникада сынап көруге мүмкіндік алады, — деді спикер.

а
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оның айтуынша, жобаға Астанадағы 14 мемлекеттік емхана қатысып, жасанды интеллект көмегімен шешуді қажет ететін 10 нақты міндетті ұсынған. Үздік жобалар кейін клиникалық ортада пилоттық режимде сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілуі мүмкін.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Хакатон аясында қатысушылар үш бағыт бойынша жұмыс істейді.

Бірінші бағыт — Digital Patient Journey. Бұл бағыт пациенттердің медициналық қызмет алу процесін жеңілдетуге арналған. Командалар емханалардың ақпараттық жүйелерін біріктіру, азаматтардың өтініштерін цифрландыру, сондай-ақ тұрғындарды скринингке SMS пен мессенджерлер арқылы автоматты түрде шақыруға арналған шешімдер әзірлейді.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Емханаларда азаматтарды қабылдау жүйесіне қатысты мәселелер аз емес. Әсіресе, егде жастағы адамдар үшін дәрігерге жазылу, тіркеуден өту, қажетті ақпаратты алу қиындық туғызады. Соның салдарынан жақындарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Біз осы процесті жеңілдететін шешімдерді күтеміз, — деді Тоғжан Қожалы.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Екінші бағыт — AI Management. Мұнда жасанды интеллектіні емханаларды басқару ісіне енгізуге басымдық беріледі. Атап айтқанда, бюджетті жоспарлау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы келісімшарттарды бақылау, кадрлық жұмысты автоматтандыру және медициналық ұйымдардың басқару тиімділігін арттыруға арналған жобалар әзірленеді.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Үшінші бағыт — Clinical AI. Бұл бағыт медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған. Қатысушылар бауыр ауруларын ерте анықтау, дәрігерлердің клиникалық шешім қабылдауына көмектесетін жүйелерді әзірлеумен қатар, дәрігерлердің өзара кеңес беруіне және пациенттермен қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер ұсынады.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Тоғжан Қожалының айтуынша, хакатонға қатысушылар медициналық ұйымдардың пациенттеріне қатысты жеке мәліметтері көрсетілмеген деректермен жұмыс істеп, дәрігерлер мен Health AI саласының сарапшыларынан кеңес алады. Сонымен қатар өз жобаларын AI Sandbox платформасында сынап, кейін нақты емханаларда пилоттық режимде енгізуге мүмкіндік алады.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай технологиялар медициналық деректерді өңдеу уақытын қысқартып, пациенттерді қабылдау процесін жеделдетуге, медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге және денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Астанада мемлекеттік емханалардың мәселелерін шешуге арналған Health AI хакатоны басталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
а
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның электр жүйесін басқаруда жасанды интеллект қолданыла бастады.