Астанада Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының гастролі өтеді

деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Гастрольдік сапар аясында көрермендердің назарына Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, режиссер Султан Усмановтың қойылымындағы 5 спектакль ұсынылады. Оның ішінде балаларға арналған В.Ливановтың «Бремен музыканттары» және С.Маршактың «Кошкиннің үйі» ертегілері, сонымен қатар үлкендерге арналған А. Сухово-Кобылиннің «Кречинскийдің үйлену тойы» атты белгілі пьесасы бойынша «Ойын», Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты» және У.Шекспирдің «Ромео және Джульетта» спектакльдері ұсынылады.
Спектакльдерде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Тахир Восилов, Евгений Дубовик, Герман Богданов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Валерия Крымская, Ольга Коржева, сонымен қатар театр артистері Герман Богданов, Владимир Крылов, Татьяна Костюченко, Ольга Бобрик, Юрий Гнусарев, Андрей Пасаженников, Ілияс Турманов, Виталий Куприянов және басқалары ойнайды.