Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында 70 шара өткізіледі

«Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, әкімдіктің барлық қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін тағы да ескертті», делінген хабарламада.
Айта кетейік, елу мың қала тұрғыны өз сайлау учаскесін анықтау үшін Астана қаласы әкімдігінің қызметтерін пайдаланған. Адамдарға ыңғайлы болуы үшін сайлау учаскесін анықтаудың бірнеше жолы ұсынылған - e.astana.kz әкімдігінің электронды қызметтер веб-порталының және аstana.gov.kz әкімдік сайтының сервисі, Байланыс орталығы, қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер, сонымен қатар, 1414 қысқа номеріне SMS жолдау сервисі, WhatsApp және Telegram мобильді қосымшалары. Барлық шаралар 20 наурызда әр тұрғынның өзінің азаматтық құқығын жүзеге асыруына бағытталған.
Биыл демалыс және мереке күндері наурыздың 19-нан 23-не дейін жалғасады. Сондықтан елордалықтардың демалысына және қоғамдық қауіпсіздікке баса назар аударылатын болады. Қалада Наурыз мейрамы 14 жерде аталып өтіледі. Басты шара 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, Этноауыл ашылады. Аталған мейрамға орайластырылған шаралар «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің алдындағы алаңдарда, Қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде де өтеді. Мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады.
«Бағдарлама қанық әрі қызықты болуы тиіс, әр адам өзінің бұл іске ортақтас екендігін сезінуі керек. Бұл ретте барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі қажет», - деді елорда әкімі.
Жалпы, Наурыз мейрамы аясында Астанада 70 астам шара өткізу жоспарланған.