Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Нұр Отан» партиясының жанындағы «Өрлеу» экономикалық клубының екінші отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанындағы «Өрлеу» экономикалық клубының екінші отырысы өтті,

Астанада  Нұр Отан» партиясының жанындағы «Өрлеу» экономикалық клубының екінші отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда дағдарысқа қарсы мемлекет тарапынан атқарылатын шараларды жетілдіру мен экономикалық клубтың болашақ жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар мәжілісте «Стратеги партнерс» компаниясының өкілі Қайрат Сәдуақасов Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын жетілдіру тақырыбында баяндама жасады. «Өрлеу» экономикалық клубының жетекшісі Қайрат Келімбетовтің айтуынша, дағдарыс мәселесі клубтың отырыстарында да және өзге де көптеген мәжілістерде жан-жақты талқыланды. «Дағдарыс біздің ерте ме, кеш пе, экономиканы әртараптандыру қажет болатындығына көзімізді жеткізді. Өйткені күндердің күнінде мемлекет тек мұнай мен түсті металдардан түсетін кіріске қарап қалмайтын жағдайға жетуі тиіс еді. Сонымен қатар біз тек елдегі ірі кәсіпорындардың жағдайына ғана қарап отырмай, мүмкіндігінше бұл мәселені шағын және орта бизнесті дамыту арқылы шешуіміз қажет болатын. Қазіргі таңда әлем елдері дағдарыстан соң не болады, деген мәселемен бас қатыруда. Бұл сұрақ, әрине бізді де толғандыруы тиіс», деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, бүгінде мемлекетте дағдарысқа қарсы шаралар қолданылып отыр. Дегенмен әлі де болса шешуін қажет еткен мәселелер жеткілікті. Өйткені экономиканы әртараптандыру елде жүзеге асырылатын көп жобаның бірі емес. Ол мемлекет жүргізіп отырған бүтіндей бір саясатты басқа арнаға бұру. «Сондықтан біз бұл мәселені барынша терең, әрі жан-жақты талдауымыз қажет», деп атап көрсетті экономикалық клубтың жетекшісі. Осыған орай мәжіліске қатысушылар осы мәселе бойынша ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.