Астанада оқушыны қағып, мерт қылған әйел 2 айға үйқамаққа алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Алматы аудандық №2 соты 25 мамыр күні кәмелет жасқа толмаған баланы қағып, мерт қылған С. есімді әйелді үйқамаққа алу санкциясын беру туралы аудандық ІІБ Тергеу бөлімінің өтінішін қарады, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Нақтырақ айтқанда, Алматы аудандық ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша күдікті С. есімді азаматшаны үйқамаққа алу шарасын санкциялау туралы өтініш берген.

25 мамырда күдікті «Тойота Ланд Крузер» көлігімен кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып, оқушы оқиға орнында көз жұмды.

Сот бұлтартпау шарасын қолдануда жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің денсаулық жағдайын (жүктілік), отбасылық жағдайын ескерді.

Сот қаулысы бойынша азаматша С. 2 ай мерзімге дейін «үйқамаққа» алынды.

Соңғы жаңалықтар