Астанада оң жағалаудағы көшелердің қиылысы ішінара жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада С. Сейфуллин және Ә. Сембинов көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты ағымдағы жылғы 5-7 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Астанада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізілетіні белгілі болды.