13:41, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанада Орталық Азия елдерінің азаматтық және әскери дәрігерлерінің семинары аяқталды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Астанада Құрама Штаттар мен Германия Қорғаныс министрліктерінің медициналық қызметтерінің ұйымдастыруымен өткен Орталық Азия елдері азаматтық және әскери дәрігерлерінің семинары аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ мемлекеттеріндегі денсаулық қауіпсіздігі мәселесіне арналған мұндай шара біздің елордамызда алғаш рет өткізіліп отыр. Семинарға арқау болған басты мәселе ? Орталық Азиядағы табиғат апаттарының құрбандарына көмек көрсететін біртұтас құрылым құру болып отыр, себебі техногендік және табиғи апаттардың құрбандары жедел және білікті көмекке аса мұқтаж.Ақ халаттылар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, азаматтық және әскери ведомстволардың денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы сияқты маңызды мәселелерді талқылады.