Елордада өртенген үйден 8 адам көшіріліп, арнайы штаб құрылды

өрт
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада көпқабатты үйдегі өрт әлі сөндіріліп жатыр. 

Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасын жалын шарпыған. 

өрт
Фото: ТЖМ

Оқиға орнында өрт сөндірушілер үшінші ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бұл жұмысқа 16 техника мен 72 адам жұмылдырылды. 

«Әкімшілік ғимарат болғанымен, ішінара тұрғын үй саналады. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуация жүріп жатыр» деді ТЖМ баспасөз қызметінен. 

өрт
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 8 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде бір бала бар. 

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Еске сала кетейік, Астанада көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шыққан еді.  

Соңғы жаңалықтар