Астанада орын алған ірі көлік апатына кран жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін – Астана қалалық ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін шамамен таңғы 08.00 кезінде Астана мен Ақмола облысының Целиноград ауданы, Қосшы елді мекені автожолының 12-ші шақырымында ірі жол апаты орын алды. Онда №43 бағыттағы жолаушылар автобусы мен жүк көтергіш кран машинасы соқтығысқан.
None
None

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекованың мәліметінше, автобустың ішіндегі 11 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Олардың барлығы жедел жәрдеммен қала ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 2007 жылы туылған бала бар, ол да балалар ауруханасына жеткізілді.

«Алдын ала болжам бойынша, апатқа кран жүргізушісі кінәлі. Ол оңға қарай бұрылып барып, тура келе жатқан автобусты өткізбей, жолға шығып кеткен деген болжам бар», - дейді С. Қылышбекова.

Соңғы жаңалықтар