Астанада өтетін БТҰ Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясы БҰҰ-ның тележүйесі арқылы бүкіл әлемге көрсетілетін болады
АНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазанның 5-і Астанадағы Тәуелсіздік сарайында басталатын Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясы Біріккен Ұлттар ұйымының телеарналары арқылы бүкіл әлемге көрсетілетін болады.
Бұл туралы бүгін журналистермен өткен кездесу барысында ұйымның коммуникация және көрме қызметінің бастығы Алла Пересоллова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сессия жұмысы барысында CNN, BBC және CNBC сияқты телеарналарда жұмыс істеген мамандар қатысушылардан сұхбат алып, арнайы репортаждар даярлайтын болады. Ал Ассамблея отырысы туралы түсірілген сюжеттер Біріккен Ұлттар ұйымының тележүйесі арқылы Асcошейтедпресс спутнигіне жіберіледі.