Астанада өткен футбол турниріне опера майталмандары қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3 қыркүйекте «Астана Арена»  стадионында  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, Астана опера театры, «Samruk Kazyna Trust», «Eni» мұнай компаниясы, «La Scala» театры қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Астана Опера» Кубогының бірінші  орнын  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің командасы иеленсе, екінші орынды «Астана опера» алды, үздік үштікті «Samruk Kazyna Trust» қорының командасы түйіндеді.

Жүлдегерлер мен жеңімпазды ҚР Мəдениет жəне спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы естелік медаль жəне кубокпен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар