Астанада Павлодар облысының егемендік жылдардағы жетістігі таныстырылады

ВЛОДАР. 26 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Астанада Павлодар облысының күндері жалғасуда, деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.

Астанада Павлодар облысының егемендік жылдардағы жетістігі таныстырылады

Бүгін, 26 қазан күні елорданың басты алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасын табады, павлодарлық шаруалар Астана тұрғындары үшін тауарды төмен бағамен сатады.

Сағат 16.00-де Бейбетшілік және келісім сарайында Павлодар облысының егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктері таныстырылады.

Мерекелік іс-шара сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында болатын Павлодар облысының шығармашылық ұжымы мен өнер иелерінің гала концертімен аяқталады.