Астанада пештегі ақаудың салдарынан үш адам көмірқышқыл газына уланып қалды, арасында жаңа туған нәресте бар

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Астанада пештегі ақаудың салдарынан үш адам көмірқышқыл газына уланып қалды, олардың арасында жаңа туған нәресте бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Астанада пештегі ақаудың салдарынан үш адам көмірқышқыл газына уланып қалды,  арасында жаңа туған нәресте бар

Оқиға жексенбі, қазанның 3-і күні таңғы сағат 4.30-да Алматы ауданына қарасты Өнеркәсіпті тұрғын алқабында орналасқан «Ударник» саяжай қоғамдастығындағы үйлердің бірінде болды.

Иіс тиіп уланған 30 жастағы әйел, 19 жастағы бойжеткен мен жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді.