22:35, 24 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Астанада полицей қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған полицей қыз қаза тапты. Ақпаратты Астана қаласының Полиция департаменті растады.
Астанада қайғылы жағдай болды. Көп қабатты үйдің 9 қабатынан құлаған бойжеткен көз жұмды.
— Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала болжам бойынша мерт болған адам 9 қабаттан құлаған, — деді Полияциядан.
Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда жас жігітті пышақтап кетті.