Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамытуға және екінші деңгейлі банк өкілдерінің есебін тыңдауға арналған алқалы жиын өтті,

Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма директоры Қайрат Әйтекенов, «Даму» қоры, елорда әкімі И.Тасмағамбетов, екінші деңгейлі банк басшылары, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының президенті А.Перуашев, Индустрия және сауда министрлігі және басқа мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Жиында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнеске 3-ші транш бойынша бөлінген қаржыны игерудің ағымдағы жағдайы, болашағы және несие рәсіміне қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен қайта қаржыландыруда және несие беру үдерісі мен тәртіпті реттеуде ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу туралы жұмыстар сөз болды. С.Ахметов бизнес қауымдастықтарының өтініші бойынша несиеге кепіл ретінде жер телімдерін рәсімдеу мерзімін қысқарту тетіктерін жеделдету жұмыстарын ерекше назарға алды. Басқосу соңында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен екінші деңгейлі банктер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер пысықталды.