Астанада президенттік сайлауды қолдаған би флешмобы өтті (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Менің алғашқы сайлауым» акциясы аясында ҚР Президенті сайлауын қолдаған жастар флешмобы өтті.
None
None

Елорданың әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері «Сенің дауысың маңыздыІ», «Сайлауға келіп дауыс бер!» деп ұрандап, мәдени би бағдарламасын ұйымдастырды.

«Акцияның мақсаты - дауыс беруге құқылы барлық адамдардың президенттікке сайлауға келуі үшін халық арасында азаматтық белсенділікке үгіттеу болды. Біз бүгін Астана қаласының ең белсенді студенттерінің қатысуымен флешмоб өткізудеміз. Әлем халықтарының биі ұйымдастырылады, ал оның шарықтау шегі жастар дөңгелене тұрып, «26» символдық санын бейнелейді», - деп әңгімеледі Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ұйымдастыру бөлімінің бастығы Әділет Төлеутаев.

Соңғы жаңалықтар