Астанада Республика мен Абай даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика мен Абай даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді. 

Астанада Республика мен Абай даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 9-11 мамыр аралығында аталған қиылыста қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Астанада Республика мен Абай даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Айта кетелік Астанада Алаш тасжолының учаскесі уақытша жабылады

Соңғы жаңалықтар