Астанада халықаралық робототехника чемпионатына 134 команда қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFOM — 2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты басталды.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Бұл дода Қазақстан мен әлемдегі ең ірі жасөспірімдерге арналған робототехника жарыстарының бірі ретінде танылып отыр.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Төрт жыл ішінде «Robotek Grand Tournament» ұлттық ІТ брендке айналып, оның барлық регламенті отандық зияткерлік меншікке негізделген.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Астанада Назарбаев Университетінде өткізілген жарыста, еліміздің 17 өңірінен іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз болғандар бас қосты. Айта кетерлігі, биыл жарысқа алғаш рет АҚШ-тан өкілдер қатысты, сонымен қатар Болгария, Әзербайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерден 25-тен астам шетелдік делегация қатысады.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Жалпы алғанда, жарысқа 134 команда құрамында 9 бен 17 жас аралығындағы 350-ден астам мектеп оқушысы (оның ішінде 40-қа жуық шетелдік қатысушы) қатысып, 270-тен астам робот жеті түрлі санат бойынша бақ сынап жатыр.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Чемпионат аясында әр санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен құрмет грамоталары табысталады. Сонымен қатар «Үздік ауылдық команда», «Үздік шетелдік команда», «Үздік инженерлік шешім» секілді арнайы номинациялар бойынша да марапаттар қарастырылған.

Жарыс қорытындысы бойынша екі жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебіне білім гранты, сондай-ақ Алматы энергетика байланыс университетінің гранты ұсынылады.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұхтар Мұрат/Kazinform

Чемпионатты Астана қаласының әкімдігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отырған — еліміздегі STEM-білім мен робототехника саласындағы ең табысты компаниялардың бірі саналатын «Robotek» компаниясы.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Айта кетейік, 2023 жылғы қарашада Панамада өткен World Robot Olympiad халықаралық жарысында «Robotek» компаниясының екі бірдей командасы жеңіс тұғырынан көрініп, ел абыройын асқақтатты.

робототехника чемпионаты
Фото: Мұқтар Мұрат/Kazinform

Бұған дейін қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайтыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар