Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада салықтық әкімшілендіру мәселелеріне арналған тақырыптық баспасөз мәслихаты өтеді

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 17 қыркүйекте, Астанадағы «Қазмедиа орталығында» ҚР Президенті жанындағы Коммуникациялар орталығы қызметінің ұйымдастыруымен «Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары және салық органдарының көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрестегі қаржы полициясымен өзара іс-қимылы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Астанада салықтық әкімшілендіру мәселелеріне арналған тақырыптық баспасөз мәслихаты өтеді

Бұл туралы Коммуникациялар орталығы қызметінен хабарлады.

Баспасөз мәслхихатына ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев пен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу жөніндегі департаментінің бастығы Жанат Элиманов қатысады.