Астанада салынатын Ұлттық пантеонның құны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елордада салынатын Ұлттық пантеон құрылысына қанша қаржы жұмсалатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жобалық құжаттамасына сәйкес 1,7 млрд. теңге», - деді ол Үкіметтің селекторлық режімінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол тілшілерге пантеон құрылысына қатысты нақты ақпараттарды елорда әкімдігінен алуға кеңес берді. Мұнан бөлек, Қаржы министрі аталған сома жобаны толықтай жүзеге асырылуға жететіндігін не жетпейтіндігін нақтылаған жоқ.

«Бұл ақша қандай да бір фазасына бөлініп отыр. Мен нақтылай алмаймын», - деді ол. 

Айта кетерлігі, бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында  «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын таныстырды. Жобада Ұлттық Пантеонның, «Құрық» портының құрылысына қаржы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар