Астанада саяси партиялардың теледебаты басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен телевизиялық сайлауалды дебат басталды.
Жоба тікелей эфирде «Жетінші арнада» көрсетіліп жатыр.
Дебаттар басталар алдында саяси партиялардың өкілдері өз жақтастарымен және бұқаралық ақпаратқұралдарының өкілдерімен кездесті.
Сондай-ақ«Жетінші арнаның» тікелей эфиріндеқатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтынашық жеребе тарту рәсімі өтіп, оның қорытындысыбойынша дебаттағы сөз сөйлеу реті белгіленді.
Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту.
Жоба интерактивті форматта өтіп, Қазақстандағыжеті саяси партияның өкілдерін біріктірді:
1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мадали;
2. «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей;
3. ЖСДП – Максут Насибулов;
4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;
5. «Байтак» партиясы – Аслан Байзаханов;
6. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов;
7. Қазақстанның Халық партиясы – БейбітҚұсайынов.
Дебаттар төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ашық пікірталасқа қатысады.
Екінші кезең білім беру жүйесін дамытуға қатыстыұсыныстарды талқылауға арналған.
Үшінші кезеңде қатысушылар студиядағыкөрермендердің сұрақтарына жауап береді. Соңында сайлаушыларға қорытынды үндеу жасайды.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылған. Көрермендер «Қай партия өкілінің сөзі өтімді?» деген сұраққа жауап бере алады. Дауыс берудің аралық нәтижелері екіншікезеңнен кейін, ал қорытындысы тікелей эфир соңында жарияланады.
Телевизиялық дебаттың тікелей трансляциясы«Жетінші арнаның» эфирінде, сондай-ақ арнаныңресми әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсетіліп жатыр.