Астанада Ш. Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ш. Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ремонт дорог
Фото: Александр Павский\Kazinform

Осыған байланысты, 25-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Астанада Ш. Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Осыған дейін Астананың тағы бір көшесінде автобус жолағы енгізілетінін жазғанбыз.