Астанада шағын және орта бизнес жергілікті бюджет түсімдерінің 70 пайызын беріп отыр - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы өркендету жұмыстары тоқтамауы тиіс. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театрында елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Биыл елордамызды Астана деп әлемге жариялағанымызға он алты жыл болады. Осы жылдардың ішінде қыруар шаралар тындырылды. Қаланы салдық, Астанамыз дүниежүзінің ірі қалаларының біріне айналды. Әсемдігі мен халыққа жайлылығы жағынан да әлемдегі жақсы қалалардың бірі болып келе жатыр. Бірақ та біз еш уақытта істегенімізге қанағаттанып тоқтамаймыз. Қаланы одан әрі қарай өркендетіп, дамытуымыз керек. Қаланың қарқынды дамуы, экономикасының өсуі, халық санының артуы жыл сайын бізге жаңа міндеттерді ұсынып отырады», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, елордада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 260 миллиард теңгеге жетіп, 7 пайызға өсті. Экономикаға 545 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар Президент Астанада шағын және орта бизнес жергілікті бюджетке түсімдердің жетпіс пайызын беріп отырғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум