Астанада Сығанақ көшесінің жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. 

Астанада Сығанақ көшесінің жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Осыған байланысты, 4-6 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Осыған байланысты автокөлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.