Астанада спорттың карате-до түрінен республикалық чемпионат өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 16-17-сі күндері Астана қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі және балалар қылмысымен күрес аясында мектеп оқушылары арасында республикалық чемпионат өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елорда төрінде өткен республикалық додаға Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Теміртау қаласы, Көкшетау қаласы, Павлодар қаласы және Астанадан 8-16 жас аралығындағы 200-ден астам балғын спортшылар жиналды. Мұндай дүбірлі жарысты өткізудегі көзделген мақсат - елімізде WKF тұжырымдамасы бойынша карате-до күресін жетілдіру, жалпы мемлекеттік бағдарлама ауқымында дене шынықтыру мен спортты дамыту және Қазақстандағы спорттық клубтар арасындағы өз ара байланысты нығайту.Екі күнге созылған чемпионаттың татами үстіндегі жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ең жас каратешілер, 2001-ші жылы туған спортшылар арасында астаналықтардың абыройы үстем болды. Әсіресе алтын жүлдеден алқа таққан Нұрдәулет Асанның жеңіске деген жігері мен тұңғыш рет алаңға шыққан Мирас Қабыловтың техниканы меңгеру және оны орындай алудағы шеберлігі жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.Жалпы командалық есеп бойынша 1-ші жүлделі орынды астаналықтар иеленсе, 2-ші орынды оңтүстікқазақстандықтар қанжығалады, ал үшінші орынды Теміртаудың жасөспірімдері місе тұтты..Республикалық деңгейде өткен чемпионат қорытындысы бойынша өнерлі жас дарындар анықталды, олар енді алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын болады.
Соңғы жаңалықтар
telegram