Астанада су құбыры жарылып, тұрғындар бір күн бойы сусыз отырды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат -Елорданың «Алматы» ауданындағы көшелерінің бірінде су құбыры жарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астанада су құбыры жарылып,   тұрғындар   бір  күн бойы  сусыз отырды

Оқиға салдарынан бес тұрғын үйдің тұтынушылары бір күн бойы сусыз қалды, тұтас бір ықшамауданның және тағы бір көшенің су жүйесі төмен қысымда жұмыс істеді.

Бүгін түнде сағат 3.00-де су құбырының жұмысы қалпына келтірілді. Апаттың салдарын жоюға «Астана су арнасы» мекемесінің арнайы бригадасы: 10 адам және 4 техника жұмылдырылды.