Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада суретші-зергер Сержан Башировтың жеке көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында танымал суретші-зергер, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, "ЮНЕСКО" Сапа белгісінің" иегері Сержан Башировтың "Бәйшешек" атты жеке көрмесінің вернисажы өтті.

Астанада суретші-зергер Сержан Башировтың жеке көрмесі ашылды

"Сержан Мұратұлы қазіргі заманғы қазақстандық зергерлердің арасында өзінің брендімен танымал дарынды тұлға. Оның шығармашылығы ұлттық символикаға қаныққан, формалары өзгеше, сондай-ақ көркемдік талғамы ерекше, этноавангардтық дизайн үлгілеріне сәйкес келеді", - дейді көрмені ұйымдастырушы, автордың туған әпкесі Гүлмира Баширова.

Көрмеге шебердің қолынан 2000-2014 жылдар аралығында шыққан 100-ге жуық зергерлік бұйымдары, кіші формалардың мүсіндері және инсталляциялар қойылған.

Көрме есігі өнер сүйер қауымға 18 наурыздан 7 сәуірге дейін ашық.