Астанада тағам өнімдеріне арналған көрме өз жұмысын бастады

СТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Конгресс-Холл сарайында «InterFood Astana 2010» - «Тағам өнімдері. Ингредиенттер. Сусындар. Қаптамалар және тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтар» атты 12-ші қазақстандық-халықаралық көрменің ашылу рәсімі өтті.
None
None

Шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев еліміздің ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан, Елбасы тарапынан үлкен көңіл бөлініп отырғандығын, қазір уақытта арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданғандығын атап өтті. «Бағдарламаның 7 бағытының арасында ең алғашқы басымдық ауыл шаруашылығына беріліп отыр. Ал біздің осы саладағы алға қойған мақсаттарымыз - біріншіден еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншіден өнімнің шығымдылығын екі есе көбейту, үшіншіден экспорттық әлеуетімізді жоғары деңгейге көтеру және экспорттық нарықтарға шығу», деді А.Евниев.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, көрмеге әлемнің Беларус, Ресей, Украина, Чехия, Жапония, Түркия, Латвия, Тәжікстан, Корея, Қазақстан мемлекеттерінің 60-тан астам компаниялары қатысуда. Қатысушылардың 49 пайызын - отандық өндірушілер, 33 пайызын - ресейлік компаниялар, қалғанын шетелдік компаниялар құрайды. Атап өтерлігі ағымдағы жылы бұл шара барысында қатысушылардың 74 пайызы алғаш рет келіп отыр.

Көрмеге тағам өнімдері, тағам өндіруші және қайта өңдеуші өнеркәсіпке арналған технологиялар, қаптама материалдар қойылған.

ҚР Ауыл шаруашылығы, Экономикалық даму және сауда министрліктері, еліміздегі Ресейдің сауда өкілдігі, Астана қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы қолдауымен өтіп жатқан шара мамырдың 29-ына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар