Астанада тағы бір көше уақытша жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі учаскесінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 18-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін елордада Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралық уақытша жабылатыны туралы хабарладық. Бұл аралық бүгін 07:00–де қайта ашылатын болады.
Сонымен қатар қалада бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.