Астанада тағы бір құрылыс салушы компания үлескерлерді алдады деген күдікке ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі бюджеттік қаражат және үлестік құрылыс қатысушыларының салымдарын ұрлау фактісі бойынша «Какаду» ЖШС директоры М. Т. Әлімбетовке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарланды ведомствоның Фэйсбуктегі ресми парақшасында.
None
None

295 адам кассаға ақшалай үлес салған. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге Кенесары-Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан «Қыпшақ» тұрғын үй кешенін салуға бағытталған. Үлескерлердің ақшасын алған Әлімбетов ақша жетпейді деген желеумен құрылысты тоқтатып қойған.

Әрі, құрылыс-экономикалық сараптама нәтижесі бойынша орындалған жұмыстың нақты құны 661 млн теңгені құрайды, қатысушылардан алған үлестік құрылыс пен Әлімбетов құрылысқа жұмсаған қаражат арасындағы айырым - 397,0 млн теңге.

Осылайша, ол үлескерлерге 394 млн. теңге шығын әкелген.

Бұдан басқа, Әлімбетов Астана қ. Құрылыс департаментімен 1,3 млрд  теңгеге осы тұрғын үй құрылысын  аяқтау жөнінде шарт жасасқан. Ол ақшаның көп бөлігін мақсатқа сай жұмсамаған.

Мемлекетке 434,5 млн теңге шығын әкелді.

Қазір оған қатысты ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, күдікті қамауда.

Соңғы жаңалықтар