Астанада Талдыкөл маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Талдыкөл көлінің маңында құрғақ шөп отқа оранды, өртті жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
None
None

«2016 жылы 20 маусымда сағат  14:28-де «101» номеріне Талдыкөл көлінің маңында құрғақ шөп пен қамыс отқа оранғаны жайлы хабар түсті.  Қазір от 4000 шаршы м. аумақты шарпыды. Отты ауыздықтауға 5 техника және 24 өрт сөндіруші, «Астана Орманы» ЖШС-ның 7 су құю көлігі, 5 КамАЗ, 5 трактор тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіру тобының басшысы - Астана қ. ТЖД өрт сөндіру қызметінің басшысы азаматтық қорғаныс полковнигі М.Аманбаев. Отты жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», - деп хабарлады Астана қ. ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар