Астанада теннистен Президент кубогі үшін дәстүрлі жарыс өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы Beeline arena ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында 14-28 шілде аралығында Президент кубогі үшін ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour жарыстары өтеді. 

 Большой теннис Үлкен теннис Ракетка
Фото: Kazinform

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Президент кубогі үшін дәстүрлі халықаралық турнир осымен 17 рет ұйымдастырылып отыр.

Биыл аталмыш додада Григорий Ломакин, Әмір Омарханов, Аружан Сағындықова, Соня Жиенбаева, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар Қазақстан намысын қорғайды.

Көптеген атақты теннисшілер қатысып, жеңімпаз атанған Президент кубогі 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. 2007 жылы жарыс халықаралық мәртебеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдондағы қарсыласының мықты тұстары туралы айтқанын жазған едік.

Сондай-ақ Уимблдонда қазақстандық жасөспірімдер жұптық сында келесі айналымға шықты.

Соңғы жаңалықтар