Гутерриш: Израильдің Газаға шабуылдарын кеңейту жоспары ұлттың жойылуына әкеледі
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль үкіметінің мақсаты — палестиналықтарды Газадан күштеп көшіру екенін айтты, деп жазды Анадолы агенттігі.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак бұл туралы күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.
— Бас хатшы мұндай әрекеттер бейбіт тұрғындар арасында жаңа құрбандар мен Газа аумағында қосымша қиратуларға әкелетіні сөзсіз екенін ескертеді. Бас хатшы бұл дағдарысты сәтте басты басымдық — зорлық-зомбылықты дереу тоқтату деп есептейді, ал жаңа құрбандар мен қиратулар емес, — деді Хак.
Оның айтуынша, Бас хатшы Газа аймағы болашақ Палестина мемлекетінің ажырамас бөлігі болып табылатынын және солай болып қалуы тиіс екенін тағы да атап өткен. Сонымен бірге, «Израильдің Газадағы шабуылдарын кеңейту жоспары алаңдатарлық» екенін жеткізген.
Гутерриш Газа секторында дереу және тұрақты бітім орнатуға қайтадан шақырып отыр. Сондай-ақ ол соғыс тұтқындарының барлығын шұғыл әрі сөзсіз босатуды қолдайды.
Израильдің Қауіпсіздік кабинеті шабуыл жоспарын мақұлдады.
Израильдің Қауіпсіздік кабинеті Газадағы оккупацияны кеңейтуге бағытталған шабуыл жоспарын мақұлдады.
Бұл жоспардың алғашқы кезеңі — Газа секторындағы көп аудандарды басып алу және «қауіпсіздік буферлік аймақтарын» ұлғайту.
Бұрынғы шабуылдардан айырмашылығы, бұл жолы Израиль әскері басып алынған аудандардан шығарылмайды және оккупацияны жалғастыра береді.
Үкіметтің түпкі мақсаты — палестиналықтарды Газадан күштеп көшіру.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Үндістандағы қарулы шабуылды қатаң айыптаған болатын.