Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада тiркелген 23 351 шағын бизнес кәсiпорнының 15 995-i жұмыс істейді

Астана. Сәуiрдiң 24-i. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - 2009 жылғы сәуiрдiң 1-iндегi мәлiмет бойынша елордада 23351 шағын бизнес кәсiпорны тiркелген, олардың 15 995-i немесе 68,5 пайызы жұмыс iстейдi,

Астанада тiркелген 23 351 шағын бизнес кәсiпорнының 15 995-i жұмыс істейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Статистикалық департаментiне сiлтеме жасап.Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың басым бөлiгi сауда, автомобильдердi, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу және құрылысқа тиесiлi. Сәуiрдiң 1-iндегi есеп бойынша, Астана қаласының шағын бизнес кәсiпорындарында 37,6 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткiш өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 41,9 пайызға кемiдi. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған өнiмдер (жұмыстар, қызметтер) 75,4 млрд. теңгенi құрады.