Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмысы жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Тілендиев даңғылы бойынша «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығын салу» жобасы аясында жол жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу
Фото: Астана әкімдігі

Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылған.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды, — делінген хабарламада.

Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылғанын жазғанбыз.