Астанада тонаушыларды ұстауға көмектескен такси жүргізушісіне сыйлық берілді
Бұл туралы елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Түнде Астана қаласының екі тұрғыны букмекерлік кеңседен түрлі-түсті теледидарларды жымқырған. Ұрланған заттарды тасымалдау үшін сыбайластар такси тоқтатқан. Такси жүргізушісі жолаушылардың әрекеттеріне күдікпен қарады, оның айтуынша, әдетте ірі заттарды түнде тасымалдамайды. Қолайлы сәтті таңдап, ол «102» пультіне хабарласқан. Жедел келіп жеткен полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамдарды қылмыс үстінде ұстады», - делінген хабарламада.
«Алматы» аудандық ІІБ басшысы Марат Төлебаев такси жүргізушісіне сыйақы ретінде теледидар тапсырды. Ол такси жүргізушісінің мақсатты әрекеттері, тапқырлығы және белсенді азаматтық позициясының арқасында бұл қылмыс «ізі суымай» ашылғанын атап өтті.