Астанада төртінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы қалалық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо медиа-порталына сілтеме жасап.

Астанада төртінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр

Елордадағы үш аудан мен бірқатар басқармалардың алдағы жылдарға арналған бюджетімен таныстырған ол, жаңа аудан құруға қатысты айтып өтті.

Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселе алдымыздағы екі-үш айда шешілуі тиіс. Жаңа аудан шекарасына Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары кірмек. Аудан ашылған кезде оны дамыту бағдарламасы жасалады. Бағдарламаға абаттандыру, көгалдандыру мәселелері енгізіледі.

null