Астанада тозығы жеткен жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл сайын Астана қаласындағы жылу жүйесі рет-ретімен жаңғыртылып жатыр. Әйтпесе тозығы жеткен құбырлар апатты жағдайдың туындауына түрткі болып, тұрғындар зардабын тартатыны айтпаса да түсінікті. Осы ретте, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы пресс-тур барысында инвестициялық бағдарламалар шеңберінде атқарылған жұмыстарды көрсетті.

жылу құбыры
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Аталған кәсіпорынның басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Сейтқазиевтің айтуынша, инвестбағдарламалық жобалар былтыр бастау алған.

жылу құбыры
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Жылу жүйесінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері қолданылып келе жатқан құбырлар аз емес. Салдарынан апатты жағдайлар жиі тіркеледі. Бұл ретте, былтыр Петров көшесі, 18/1 мекенжайы бойынша 8(42)-ҚТ жылу трассасын және Уәлиханов көшесі, 9/1, 9/2 мекенжайындағы жылу трассасын қайта жаңарту жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл – жылу жүйесіндегі апаттың алдын алып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деді ол.

бульдозер
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Биыл Жирентаев көшесі, 14-үйден бастап 16-үйге дейін жылу трассасын қайта жаңарту жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде 791 метр ескірген құбырлар жаңартылған. Жоба құны – 363 миллион теңге.

Сондай-ақ Сарыарқа көшесі, 17 мекенжайы бойынша тұрғын үй маңындағы жылу камерасынан бастап Сарыарқа даңғылы, 15, 17 үйлерге дейін бойынша жылу трассасын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын.

жылу құбыры
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Белгілі болғандай, төселіп жатқан құбырлар отандық өнімдер екен. Сапасына тоқталсақ, 25 жылға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. 

Айта кетейік, «Астана-Теплотранзит» АҚ иелігінде 1009, 253 км жылу трассасы бар. Олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін алдағы уақытта да инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жаңғырту жұмыстары жалғасын таппақ.

жылу құбыры
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар