Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы көшелер мен жолдарды қар мен мұздан тазартып жатыр.
Күн сайын жүздеген жол жұмысшылары мен арнайы техника жұмылдырылады.
Күні бойы қаладан шамамен 20 мың текше метр қар шығарылды, бұл 1582 ірі жүк көлігінің көлеміне тең.
10 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына шамамен 400 жол жұмысшысы мен 1 237 арнайы техника жұмылдырылды.
Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазартылады. Осыдан кейін қарқындылығы орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарларда және аялдамаларда жүргізіледі.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 352 мың текше метрден астам қар полигондарға 27 444 жүк көлігімен жеткізілді.
Айта кетелік 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.