Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды

Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

әйелдің мүрдесі
Фото: Pexels

«2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны», - делінген мәліметте.

Полиция департаментінің дерегінше, бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар