15:35, 22 Маусым 2024 | GMT +5
Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр.

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шықты.

Құтқарушылар келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.
Қызыл жалын әлі сөндірілген жоқ.