Астанада тұрғын үйге мұқтаждар тізімі жаңартылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қоры баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың құжаттарын жаңарту үшін оны қайтадан қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.
None
None

Тұрғын үй қорының мәліметінше, құжаттар жаңарту 28 қаңтардан басталған.
​«2019 жылдың 28 қаңтардан бастап коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан құжаттарды жаңарту, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру басталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламалар бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде (кіреберіс М.Жұмабаев көшесі жағында) орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар