Астанада тұрғындардың саны 701 мың адамға жетті

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Маусымның 1-і күнгі деректер бойынша Астанадағы тұрғындардың саны 701 мың адамға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тұрғындардың саны 701 мың адамға жетті

Агенттіктің келтірген дерегі бойынша 2010 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында елорда халқы 17 мыңға өскен. Осылайша қала тұрғындары 684 мың адамнан, 701 мың адамға артты. Ал Алматы қаласының халық саны осы мезгіл аралығында тек 12 мыңға көбейген. Қазір ірі мегаполисте 1 млн. 417 мың адам тұрады.

Елдегі ең жоғары өсім Оңтүстік Қазақстан облысында байқалды. Ондағы халық 22459 адамға өсіп, облыс тұрғындары 2451596 адамға жеткен. Сонымен қатар, тұрғындар саны Алматы облысында - 11869 адамға (халық саны 1704820 адам) және Манғыстау облысында - 8248 адамға (халық саны 454513 адам) өсіп отыр.

Керісінше, тұрғындар санының азаюы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.