08:03, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Астанада Үкіметтің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа жылдағы бірінші отырысы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық секторды қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары туралы мәселе қаралып, Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин баяндама жасайды.