Астанада «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат» атты көрме өтеді

«Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат» атты көрменің мақсаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қан майданда ерлікпен күрескен, тамаша еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған майдангер аталарымыздың рухына бас иіп, еске алу болып табылады.
Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында сақталуы керек. Қолға қару алып, дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда олар қираған шаруашылықты қалпына келтіріп, бар ғұмырларын бізге арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мәңгі қарыздармыз.
Көрмеде ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілікті сақтау үшін қан майданда шайқасқан жауынгер аталарымыз бен апаларымыздың фотосуреттері мен кейбір мұрағаттық құжат көшірмелері көрсетілген.